16-бап. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері Жасанды интеллект туралы Заңы
1. Пайдаланушылар:
1) жасанды интеллект жүйесінің пайдаланушы келісімімен танысуға;
2) өзінің дербес деректерінің және жасанды интеллект жүйесі өңдейтін құпия ақпараттың қорғалуына;
3) жасанды интеллект жүйелері пайдаланыла отырып құрылған зияткерлік меншік құқықтары объектілеріне өз құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
4) жасанды интеллект жүйесінің меншік иесінен немесе иегерінен өз құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қозғайтын осы жүйе қызметінің нәтижелері туралы түсіндірмелерді пайдаланушы келісімінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен алуға;
5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын, ақпараттың құпиялылығы мен коммерциялық құпияны қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды ескере отырып, жасанды интеллект жүйесінің шешім қабылдауына негіз болған деректер туралы ақпаратты пайдаланушы келісімінде көзделген көлемде сұратуға;
6) жасанды интеллект жүйесімен өзара іс-қимыл жасау міндеттілігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген жағдайларда мұндай өзара іс-қимыл жасаудан бас тартуға құқылы.
2. Пайдаланушылар:
1) жасанды интеллект жүйелерін тек қана ұсынылған қол жеткізу құқықтары шеңберінде пайдалануға;
2) жасанды интеллект жүйелерін пайдалану кезінде белгіленген қауіпсіздік қағидалары мен шараларын сақтауға міндетті.
3. Пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие болады және өзге де міндеттерді орындайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы