Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 161-бап. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

161-бап. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

161-бап. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі 

      1. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға білім беру ұйымдарында оқуға, санаторийлік-курорттық ұйымдарда және сауықтыру білім беру ұйымдарында болуына шектеу қойылмайды.

      2. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек шартын тоқтатуға, еңбек шартын жасасуға, білім беру ұйымдарына және әлеуметтік мекемелерге қабылдауға тыйым салуға, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың жақын туыстарының тұрғын үй және өзге де құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруге жол берілмейді.

      3. Алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексеруге жататын қанмен, басқа да биологиялық сұйықтықтармен және биоматериалдармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінен басқа, жұмыс берушінің АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау нәтижелерін сұратуына жол берілмейді.

      4. АИТВ инфекциясы анықталған жағдайда, "АИТВ инфекциясы" диагнозы белгіленген жұмыскерлер тері қабаттарының немесе сілемейқабық бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес басқа жұмысқа жұмыс берушінің ауыстыруына жатады.

      5. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы , азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіру, өткеру және одан босату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      6. АИТВ инфекциясын жұқтыру медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы жұмыскерлерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыртуға құқығы бар.

 

2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы