166-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – осы Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.
2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерд сатып алуға байланысты мүгедектігі бар адамдар мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерд берушілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнамасымен, сондай-ақ нысанын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.
2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы