167-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді берушілер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді , мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына рұқсат беру әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысын алғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылады және өз қызметін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Жергілікті атқарушы органдар:
1) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін;
2) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен талаптарға сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Комиссия жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің жолданымдарын қарайды, бұзушылықтар анықталған кезде жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда комиссия өнім берушіні әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан шығару туралы шешім қабылдайды.
6. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:
1) сәйкестігі міндетті растауға жататын берілетін тауарларға сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;
2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;
3) берілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары және көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынған;
4) салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
5) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;
7) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізілмеген;
8) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;
9) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айналысу үшін лицензия алу талап етілетін қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 10) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10) ымдау тілі маманы қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 11) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тұрған және автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін өнім берушілер тіркеледі
Осы баптың бірінші бөлігінің талаптары жеке көмекші көрсететін қызметтерге қолданылмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 6-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларының талаптары мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.
7. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген;
4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізілген;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) комиссия осы баптың 2-тармағына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығару туралы қорытынды шығарған;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7-тармақты 6) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен шығарылған жағдайларда шығарылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күніне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мүгедектігі бар адам өнім берушінің алған міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тиісті ақпаратты орналастырады.
Комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болғанын немесе болмағанын айқындайды.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден алып тасталғаннан кейін мүмкін болады.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығарылған жағдайда оны әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу тіркеуден шығарылған күнінен бастап кемінде бір жыл өткен соң мүмкін болады.
8. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары және көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.
Өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сапасы тиісті емес және (немесе) ұсынылған сипаттамаларға сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізу фактісі анықталған, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарын орындамаған жағдайда олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 168-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы