17-1-бап. Қаржы омбудсманы Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Қаржы омбудсманы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі шеңберінде осы Заңның 17-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушінің жолданымдарын қарайды.
2. Өтініш берушінің жолданымын қарау нәтижелері бойынша қаржы омбудсманы өтініш берушінің микроқаржы ұйымы үшін міндетті болып табылатын шешімімен келіскен кезде осындай шешім қабылдайды немесе "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларда жолданымды қарауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымы қаржы омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған кезде уәкілетті орган микроқаржы ұйымына осы Заңның 28-бабына сәйкес қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Қаржы омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, қаржы омбудсманы қараған дау (жолданым) тараптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
Қаржы омбудсманының өтініш берушілердің жолданымдарын қарау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ қаржы омбудсманының осындай жолданымдар бойынша шешімдер шығаруының салдары "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Осы баптың талаптары кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы