Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы

17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы 

 

      1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін талдау, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады. 

      2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін, кеме қатынасы шлюздері мен теңіздегі және ішкі су жолдарындағы құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады. 

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. 

      4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі. 

      5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады. 

      6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

      7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 

      1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 

      2) поштамен – тапсырысты хатпен; 

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді. 

      11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы