Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің   мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі Теміржол көлігі туралы Заңы

17-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің   мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің   мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі Теміржол көлігі туралы Заңы 

      1. Мүгедектігі бар адамдардың теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдары мен теміржол станцияларында: 

      1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған, арнаулы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі; 

      2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы; 

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы; 

      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы; 

      5) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы; 

      6) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнаулы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс. 

      2. Поездың құрамында кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары, кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнаулы орындары бар вагон болуға тиіс. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы