17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт Аудиторлық қызмет туралы Заңы
1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негiзiнде қалыптасады.
2. Аудит жүргiзуге және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған шартта: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауаптылығы, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделедi.
3. Аудиттелетін субъектіге міндетті аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын мәліметтерді, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетілетін (берілетін) мәліметтерді қоспағанда, аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.
Аудиторлық ұйым клиенттердің келісуімен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беретін мәліметтерді қоспағанда, өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.
Коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы