Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Микроқаржы ұйымы жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

17-бап. Микроқаржы ұйымы жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

      17-бап. Микроқаржы ұйымы жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 

      1. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті мынадай мәліметтерді қамтитын микрокредиттер беру қағидалары болған кезде жүзеге асырады:

      1) микрокредит беруге өтініш беру тәртібі және оны қарау тәртібі;

      2) микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;

      3) микрокредиттiң шекті сомалары және оны беру мерзiмдерi;

      4) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шектi шамалары;

      5) берiлген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртiбi;

      6) микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      7) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары;

      8) микрокредитті өтеу әдістері;

      9) клиенттердің микрокредит беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тәртібі.

      Клиенттің жолданымын қарау мерзімі жолданым микроқаржы ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;

      10) микроқаржы ұйымы мен оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;

      11) клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптары ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына сенім білдірілген адамның қатысуымен көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктерін қамтитын ереже;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де шарттар, талаптар мен шектеулер.

      2. Микрокредиттер беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру, ақпаратты жария ету және клиенттердің микрокредиттер беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тәртібіне сәйкес келуге тиіс.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы. 

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы