⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

17-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 17-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы 

      Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады: 

      1) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін арнайы экономикалық аймақтар; 

      2) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін индустриялық аймақтар; 

      3) технологиялық парктер (бұдан әрі – технопарктер); 

      4) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар; 

      5) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін венчурлік қорлар; 

      6) технологияларды коммерцияландыру орталықтары; 

      7) конструкторлық бюролар; 

      8) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары; 

      9) инновациялық кластерлер; 

      10) аумақтық кластерлер; 

      11) технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары; 

      12) осы Заңға сәйкес өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де элементтер. 

 

      Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы