17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы
1. Жылжымалы мүлiктiң тiркелген кепiлiне өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiште бастапқы тiркелген кепiлге сiлтеме, кепiл туралы шартқа жасалған өзгерiстер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және т.б.), тiркелген кепiлдi тоқтатудың негiздерi болуға тиiс.
1-1. Кепіл беруші тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы берген кезде кепілдің тоқтатылуын тіркеу кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанын растайтын кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте кепіл ұстаушы тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті кепіл беруші берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қоса, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді тіркеу туралы өтініште:
1) кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн;
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;
3) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы;
4) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (олардың өкілдерінің) қолтаңбасы, ал кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолтаңбасы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім қамтылуға тиіс.
3. Өтініште осы баптың 2-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы