Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 17-бап. Жасанды интеллект жүйелерінің құқықтық режимі Жасанды интеллект туралы Заңы

17-бап. Жасанды интеллект жүйелерінің құқықтық режимі Жасанды интеллект туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Жасанды интеллект жүйелерінің құқықтық режимі Жасанды интеллект туралы Заңы 

      1. Жасанды интеллект жүйелері пайдаланушылардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер ету дәрежесіне қарай мынадай жүйелерге бөлінеді: 

      1) жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтатылуы жүйелерді пайдаланушыларға барынша аз әсер ететін қауіп-қатер дәрежесі ең төмен жүйелер; 

      2) жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтатылуы пайдаланушылар қызметінің тиімділігі мен нәтижелігінің төмендеуіне алып келуі және моральдық зиян немесе материалдық залал келтіруі мүмкін қауіп-қатер дәрежесі орташа жүйелер; 

      3) жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтатылуы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға және (немесе) Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының жекелеген салалары, пайдаланушылары, инфрақұрылымы, жеке тұлғалардың тыныс-тіршілігі үшін елеулі жағымсыз салдарларға алып келуі мүмкін қауіп-қатер дәрежесі жоғары жүйелер. 

      Жасанды интеллект жүйелерін ең төмен, орташа не жоғары қауіп-қатер дәрежесіне жатқызуды оның меншік иесі және (немесе) иегері ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. 

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған қауіп-қатері жоғары жасанды интеллект жүйелері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау бөлігінде мемлекеттік ресурстарға теңестіріледі. 

      2. Жасанды интеллект жүйелері шешімдер қабылдауда тәуелсіз болу мен пайдаланушыға әсер ету дәрежесіне қарай мынадай жүйелерге бөлінеді: 

      1) деректерді автоматтандырылған өңдеуге және ұсынымдарды, болжамдарды немесе шешімдер нұсқаларын қалыптастыруға арналған дербестігі төмен жүйелер, алайда оларды түпкілікті таңдау мен олардың әрекет етуін әрдайым адам жүзеге асырады;  

      2) шешімдерді дербес өңдеу мен қабылдауға арналған дербестігі орташа жүйелер, бұл ретте адамның мұндай шешімдерді түзету немесе күшін жою мүмкіндігі сақталады; 

      3) шешімдерді дербес өңдеу мен қабылдауға арналған дербестігі жоғары жүйелер, бұл ретте адамның мұндай шешімдерді түзетуі немесе күшін жоюы мүлдем мүмкін емес не техникалық тұрғыдан мүмкін болмайды.  

      Дербестігі жоғары жасанды интеллект жүйелерін құру және пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 

      3. Мынадай: 

      1) жеке тұлғаның мінез-құлқын бұрмалайтын және саналы түрде шешімдер қабылдау қабілетін шектейтін немесе зиян келтіруі немесе зиян келтіру қатерін төндіруі мүмкін шешімдер қабылдауға мәжбүрлейтін түпсаналық, манипуляциялық немесе өзге де әдістерді пайдалану; 

      2) адамға зиян келтіру немесе зиян келтіру қатерін төндіру мақсатында жасына, мүгедектігіне, әлеуметтік жағдайына және кез келген өзге де мән-жайларға байланысты жеке тұлғаның моральдық және (немесе) физикалық осалдылығын пайдалану; 

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір уақыт кезеңінде жеке тұлғалардың немесе адамдар тобының әлеуметтік мінез-құлқының немесе мәлім болған, көзделетін немесе болжанатын жеке қасиеттерінің негізінде оларды бағалау және сыныптау; 

      4) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұза отырып дербес деректерді жинау және өңдеу;  

      5) жеке тұлғаларды олардың нәсілі, саяси көзқарастары, діни тиесілілігі жөнінде және жеке тұлғаны қандай да бір кемсіту үшін пайдалану мақсатында кез келген өзге де мән-жайлар (өлшемшарттар) бойынша тұжырымдар қалыптастыру үшін олардың биометриялық деректері негізінде сыныптау; 

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғаның келісімінсіз оның эмоцияларын айқындау; 

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жасанды интеллект жүйелерін құру және олардың қызметі нәтижелерін тарату сияқты функционалдық мүмкіндіктердің біріне ие жасанды интеллект жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында құруға және пайдалануға тыйым салынады. 

      4. Жасанды интеллект жүйелері пайдалану режиміне қарай ашық, жабық және оқшау болып бөлінеді.  

      Жасанды интеллектінің ашық жүйелері – архитектурасы мен параметрлері пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес еркін пайдалану, түрлендіру және тарату үшін қолжетімді жүйелер. 

      Жасанды интеллектінің жабық жүйелері – архитектурасы мен параметрлеріне қол жеткізуді осы жүйелердің меншік иесі немесе иегері шектеген жүйелер.  

      Жабық жүйелер пайдаланушы келісімінің шарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес пайдаланылады. 

      Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда ғана, Қазақстан Республикасының заңдарымен қол жеткізілуі шектелген деректерді өңдеу үшін жасанды интеллектінің ашық жүйелерін пайдалануға жол беріледі. 

      Жасанды интеллектінің оқшау жүйелері – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылмай, иегерінің (оператордың) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы шегінде оқып-үйрену мен пайдалану жүзеге асырылатын жүйелер. 

      Жасанды интеллектінің оқшау жүйелері Қазақстан Республикасының заңдарымен қол жеткізілуі шектелген деректерді өңдеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосыла алатын жүйелерді пайдалану мүмкіндігіне жол бермейтін өзге де жағдайларда қолданылады.  

  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы