176-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектігі бар адамдарға:
1) жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан болған мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
3) мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлардың салдарынан болған адамдар;
4) мүгедектігі әскери қызметтегі міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауруға шалдығу салдарынан болған кезде әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;
6) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектігі бар адамдар жатады.
2. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнамамен мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін іс жүзінде алып келген зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде төленеді.
2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы