177-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында қарауы мүмкін. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптар сот отырысына келмеген және өтінішхатты олардың қатысуынсыз қарау туралы арыз болмаған жағдайда, сот татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты қарамайды.
2. Сот татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдарын ол бекітілгенге дейін тараптарға түсіндіреді.
3. Сот қарау нәтижелері бойынша татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату не татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
4. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Татуласу келісімін бекітуден бас тартылған жағдайда, сот бұл жөнінде ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі және шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.
5. Соттың татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымында:
1) татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату;
2) татуласу келісімінің шарттары және оны орындау мерзімдері;
3) осы Кодекстің 176-бабының төртінші бөлігіне сәйкес сот шығындарын бөлу;
4) талап қоюшы төлеген мемлекеттік бажды оған бюджеттен қайтару көрсетіледі.
6. Сот актісін орындау сатысында жасалған татуласу келісімі сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады.
7. Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы