18-бап. Әскери қызметтің мазмұны Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Әскери қызмет:
1) әскерге шақыру бойынша әскери қызметті;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметті;
3) резервтегі әскери қызметті қамтиды.
Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында резервтегі әскери адамдар келісімшарт бойынша әскери қызметке ауысады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке:
1) қатардағы және сержанттық құрамдардың мерзімді әскери қызметі;
2) осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған офицерлердің әскери қызметі;
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезіндегі, соғыс уақытындағы және әскери жиындарды өткеру кезіндегі әскери қызмет жатады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке:
1) қатардағы, сержанттық және офицерлік құрамдардың әскери лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;
2) əскери, арнаулы оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттарымен докторанттарының, əскери интерндерінің, әскери резидент-дәрігерлерінің əскери қызметі жəне оқуы жатады.
2. Әскери жиындарға шақырылған азаматтар әскери қызмет міндеттерін атқарады.
3. Мерзiмдi қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты не осы мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқудың толық курсын бітірген азаматтар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестiріледi.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған, бұрын мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтар оқудан шығарылған жағдайда, белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылады, ал осы Заңның 38-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацында аталған адамдар оқудан шығарылған жағдайда келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.
4. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.
Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер оны әскери жиындарға (әскери міндеттілердің курстық даярлығы аяқталғаннан кейін) және жұмылдыру бойынша шақырылған кезде қабылдайды.
Әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері әскери антты запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларына сәйкес Отан қорғаушы күні қарсаңында қабылдайды.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде білім алатын әскерге шақырылушылар әскери антты әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау қағидаларына сәйкес оқуды бітіргеннен кейін қабылдайды.
5. Осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртiппен азаматтарды әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы