⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Оңалту және банкроттық туралы Заңы

18-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Оңалту және банкроттық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Оңалту және банкроттық туралы Заңы 

      1. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеу және уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды бақылау субъектісінің өзі дербес жою құқығын беру болып табылады. 

      Әкімші бақылау субъектісі болып табылады. 

      2. Уәкілетті орган алған деректер мен ақпаратты өзара салыстыру бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәсілі болып табылады, осы деректер мен ақпаратқа мыналар жатады: 

      1) оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпарат. 

      Мұндай ақпаратты берудің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді; 

      2) уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ әкімші мен борышкердің қызметі бойынша өзге де көздерден алынған мәліметтер. 

      Атына уәкілетті органның сұрау салуы келіп түскен мемлекеттік орган, жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен кез келген құпия ақпаратты (банктік, салықтық, коммерциялық құпия) ашуға және борышкерге және әкімші жүзеге асыратын оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне қатысты құпия ақпаратты қамтитын кез келген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті. 

      Уәкілетті органның сұрау салуын орындау мерзімі, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі сұрау салудың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды. 

      3. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі. 

      Хабарлама бақылау субъектісіне қолын қойдыра отырып жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда: 

      1) қолма-қол – хабарламада алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 

      2) пошта арқылы – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімі алынғаны туралы хабардар етілген күннен бастап; 

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасы арқылы жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі. 

      4. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 

      5. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама жіберген уәкілетті органға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қарсылық жіберуге құқылы. 

      6. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді. 

      7. Уәкілетті орган жойылуы мүмкін емес бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, әкімшіге бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі. 

      8. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ. 

      Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы