18-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Жұртшылықтың мемлекеттік органдарда бар, оның ішінде олар шығарған немесе алған не мемлекеттік органның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кез келген жеке немесе заңды тұлғаның иелігіндегі толық, анық және уақтылы экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.
2. Экологиялық ақпарат иелері экологиялық ақпаратты осы Кодекстің 20-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу бойынша беруге міндетті. Экологиялық ақпарат беру туралы сұрау салумен жүгінген өтініш берушіден оның осындай ақпарат алуға өз мүдделілігінің негіздемесін ұсынуды талап етуге ешкім де құқылы емес.
3. Мыналар:
1) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары мен мекемелері;
2) қызметінің немесе көрсететін қызметінің қоршаған ортаға қатысы бар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;
3) қызметінің немесе көрсететін қызметінің қоршаған ортаға қатысы бар квазимемлекеттік сектор субъектілері;
4) өздері иеленетін экологиялық ақпарат бөлігінде – жеке және заңды тұлғалар экологиялық ақпарат иелері деп танылады.
4. Жұртшылықтың экологиялық ақпарат қамтылған, жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға еркін және тегін қол жеткізуге де құқығы бар.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы