18-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол:
1) басқару органының (бар болса), атқарушы органның, бөлімшелердің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
3) микроқаржылық операциялардың түрлері бойынша жеке-жеке тәуекелдердің рұқсат етілген мөлшеріне арналған лимиттерді;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті микроқаржы ұйымының органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын қамтуға тиіс.
Микроқаржы ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалауды жүзеге асырады.
3. Өзінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін кредиттік серіктестік, ломбард ішкі бақылау қызметін құруы мүмкін.
4. Ішкі бақылау қызметінің жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ кредиттік серіктестіктің, ломбардтың ішкі қызметін реттейтін қағидаларда, ережеде және өзге де құжаттарда айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы