Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 18-бап. Жасанды интеллект жүйелерінің қауіп-қатерлерін басқару  Жасанды интеллект туралы Заңы

18-бап. Жасанды интеллект жүйелерінің қауіп-қатерлерін басқару  Жасанды интеллект туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Жасанды интеллект жүйелерінің қауіп-қатерлерін басқару  Жасанды интеллект туралы Заңы 

      1. Жасанды интеллект жүйелерінің қауіп-қатерлерін басқару деп оның меншік иесі және (немесе) иегері жасанды интеллект жүйесінің бүкіл өмірлік циклі бойына жоспарлаған және орындайтын үздіксіз процесс түсініледі, ол: 

      1) жасанды интеллект жүйесі өзінің болжамды мақсатына сәйкес пайдаланылған кезде оның мәлім болған және болжанатын қауіп-қатерлерін анықтау мен талдауды; 

      2) жасанды интеллект жүйесінің болжамды мақсатына сәйкес және мақсатсыз пайдаланылуы болжанатын жағдайларда жүзеге асырылатын қауіп-қатерлерін бағалауды;  

      3) анықталған қауіп-қатерлердің алдын алу мен оларды жоюға арналған қауіп-қатерлерді басқару жөніндегі тиісті және мақсатты шаралар қабылдауды; 

      4) қауіп-қатерлердің тұрақты түрде, жылына бір реттен сиретпей жаңартылып отыруын қамтиды. 

      2. Осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлардың туындау қауіп-қатерлері анықталған жағдайда жасанды интеллект жүйелерінің меншік иелері мен иегерлері залалды болғызбауға және барынша азайтуға, сондай-ақ жеке тұлғалардың, қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, оның ішінде осындай жасанды интеллект жүйесін пайдалануды тоқтата тұру немесе толық тоқтату арқылы дереу шаралар қабылдауға тиіс.  

  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы