Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартуы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңы

19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартуы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартуы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңы 

      1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді. 

Жауапта көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды беру туралы шешім қабылдаған негіздемелер бар негіздердің толық тізбесі, сондай-ақ шағым жасау мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі.

      2. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер: 

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 

      6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады. 

      3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады. 

       4. Осы баптың 2-тармағының қолданысы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды. 

5. Алынатын мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының салалық заңдарында да мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер белгіленуі мүмкін.

 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы