Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-1-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

19-1-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-1-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы 

      1. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және лауазымынан босатады. 

      Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. 

      Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады. 

      2. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы: 

      1) тұрақты комиссияның отырысын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді және тұрақты комиссия отырысында қабылданған қаулыларға, өзге де құжаттарға қол қояды; 

      2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды тұрақты комиссия қызметінің мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; 

      3) тұрақты комиссия депутаттарының сауалдары мен тұрақты комиссияның атына келіп түскен депутаттық жолданымдардың қаралуын бақылайды; 

      4) мәслихаттың тұрақты комиссиясының қаулыларын мәслихаттың интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды; 

      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды. 

      3. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы болмаған кезде мәслихат төрағасының шешімі бойынша оның өкілеттігін мәслихаттың басқа тұрақты комиссиясының төрағасы немесе мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады. 

      4. астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болуы мүмкін. 

      Тұрақты комиссиялардың тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағаларының санын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың мәслихаты айқындайды және ол екіден аспауға тиіс. 

      астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың мәслихатының тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы мәслихаттың өкілеттігі мерзіміне сайланады және қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. 

      Бір саяси партияның мүшелері болып табылатын депутаттар астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың мәслихатының тұрақты комиссияларының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағалары бола алмайды. 

      5. астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың мәслихатының тұрақты комиссияларының бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың мәслихатының тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін басқа төрағасы немесе мәслихат төрағасының шешімі бойынша мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы