Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-2-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Коллекторлық қызмет туралы Заңы

19-2-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  19-2-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары Өзін-өзі реттеу туралы заңның 20-1-бабында көзделген талаптардан басқа, мыналарды қамтуға тиіс: 

      1) кіру жарналары мен мүшелік жарналардың мөлшері және (немесе) оларды есептеу тәртібі, төлеу тәртібі; 

      2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметкерлерінің кәсіби әдебінің қағидалары; 

      3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру тәртібі, оның тізбесі, нысандары мен мерзімдері; 

      4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер. 

      2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарттары Өзін-өзі реттеу туралы заңның 20-2-бабында көзделген талаптардан басқа, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) борышкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы жөніндегі ережелерді және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелерді қамтуға тиіс. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы