Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-3-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыреті Коллекторлық қызмет туралы Заңы

19-3-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыреті Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

   19-3-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыреті Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыретіне мыналар жатады: 

      1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексерулер ұйымдастыру мен жүргізудің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым белгілейтін тәртібіне сәйкес, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауы тұрғысынан оларға тексерулер жүргізу; 

      2) берешегі оның мүшесіне (қатысушысына) берілген борышкерлердің және берешегін сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу жөніндегі қызметтерді оның мүшесі (қатысушысы) көрсететін кредиторлардың жолданымдарын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген тәртіппен қарау. 

      Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым берешегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) берілген борышкердің және берешегін сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу жөніндегі қызметтерді коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) көрсететін кредиторлардың жолданымын қарау коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыретіне жатқызылған осындай жолданымды бір жұмыс күні ішінде және жолданым тіркелген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеуді қамтамасыз етеді, көрсетілген жолданымның көшірмесін өзіне қатысты жолданым берілген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) жібереді. 

      Жолданымдарды қарау мерзімі олар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. 

      Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіні мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. 

      Жолданымды қарау нәтижелері бойынша коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өтініш берушіге жазбаша нысанда немесе ақпараттандыру объектілері арқылы не коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында көзделген өзге де тәсілмен жауап жіберуге міндетті. 

      Өзіне қатысты жолданым берілген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға көрсетілетін қаржы қызметтерін тұтынушының жолданымын қарау нәтижелері туралы коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабар береді. 

      Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым берешегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) берілген борышкерлердің қаралуы қаржы омбудсманының құзыретіне жатқызылған жолданымдары бойынша өтініш берушіге жазбаша нысанда немесе ақпараттандыру объектілері арқылы не коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында көзделген өзге де тәсілмен оның "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабында көзделген қаржы омбудсманының жолданымдарды қарау тәртібіне сәйкес қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарлауға міндетті; 

      3) өз мүшелерінің (қатысушыларының) жолданымдарын қарау;  

      4) өз мүшелерінің (қатысушыларының) есептілігін талдауды жүзеге асыру; 

      5) өз мүшелері (қатысушылары) борышкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды іске асыруда өз мүшелеріне (қатысушыларына) жәрдемдесу; 

      6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңның 19-6-бабының 4-тармағында көзделген қағидалары мен стандарттарын бұзғаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты ықпал ету шараларын қолдану; 

      7) коллекторлық агенттіктердің қызметін одан әрі жетілдіру мен дамыту бойынша құқық қолдану практикасын қорыту және ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу; 

      8) өз мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімін жүргізу; 

      9) мүшелік жарналарды жинау және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден қалыптастыру. 

      Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым: 

      коллекторлық агенттік берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде жүзеге асыратын банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алумен байланысты мәселелер бойынша жолданымдарды; 

      қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы заңды тұлғалардың аталған тұлғалар мен банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген коллекторлық агенттік арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын мәселелер бойынша; 

      коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жолданымдарын; 

      қаралуы қаржы омбудсманының құзыретіне жатқызылмаған өзге де жолданымдарды қарайды. 

      2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым уәкілетті органның коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын келісуі кезеңінде осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес. 

      3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы