Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-4-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

19-4-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-4-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері осы Заңда, сондай-ақ Өзін-өзі реттеу туралы заңда айқындалады. 

      2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым: 

      1) қаржы ұйымдарының акцияларын және (немесе) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуға; 

      2) өзге де тұлғалардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін өзіне тиесілі мүлікті кепілге беруге; 

      3) өз міндеттемелерінің орындалуын өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүлік кепілімен, сондай-ақ олар берген кепілдіктермен және кепілгерліктермен қамтамасыз етуге; 

      4) кепілгер немесе кепілдік беруші ретінде әрекет етуге құқылы емес. 

      3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының басшысы, оның орынбасары және мүшелері: 

      1) қаржы ұйымдарымен және коллекторлық қызмет саласындағы басқа да өзін-өзі реттейтін ұйымдармен бір мезгілде еңбек қатынастарында және өзге де қатынастарда болуға; 

      2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) эмитенттері болып табылатын бағалы қағаздарды сатып алуға; 

      3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерімен (қатысушыларымен) кепілгерлік немесе кепілдік шарттарын жасасуға құқылы емес. 

      4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым: 

      1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті қағидалары мен стандарттарын бекітуге және оларды уәкілетті органмен келісуге; 

      2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелерді (қатысушыларды) қосу туралы және одан шығару туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шешім қабылданған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етуге; 

      3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерінің осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтіні туралы, сондай-ақ оны ауыстыру туралы уәкілетті органды хабардар етуге; 

      4) уәкілетті органның осы Заңның 19-1-бабының 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес оның басшы қызметкерлерінің тағайындалуын (сайлануын), басқа лауазымға ауыстырылуын немесе еңбек шартын бұзуын (өкілеттіктерін тоқтатуын) қоса алғанда, олардың құрамында болған өзгерістер туралы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етуге; 

      5) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оған жүктелген мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды уәкілетті органға беруге; 

      6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мекенжайының (тұрған жерінің), оның ішінде коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның пошта мекенжайының, электрондық пошта мекенжайының, байланыс телефондары нөмірлерінің, интернет-ресурсының мекенжайының өзгергені туралы уәкілетті органды хабардар етуге; 

      7) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етуге; 

      8) өз мүшесінің (қатысушысының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бұзғаны, сондай-ақ осы Заңның 19-6-бабының 3-тармағына сәйкес өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы уәкілетті органға хабар беруге; 

      9) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) борышкерлері және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасындағы дауларды қарау жөніндегі орган құру туралы уәкілетті органға хабар беруге; 

      10) тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін есептілікті уәкілетті органға ұсынуға; 

      11) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ақпаратты қорғауға қойылатын талаптарын сақтай отырып, орналастыру тәртібі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленетін ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органды хабардар етуі (оған хабар беруі) жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 

      5. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өздеріне белгілі болған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. 

      6. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне бақылауды жүзеге асыру барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға міндетті. 

      7. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өзінің мүліктік жауапкершілігін және өз мүшелерінің (қатысушыларының) борышкерлер алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін мынадай тәсілдердің бірін қолданады: 

      1) мүшенің (қатысушының) және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 

      2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) мүліктік жауапкершілікке тарту; 

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін пайдалану. 

      Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдерін пайдалану тәртібі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы