19-5-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары Коллекторлық қызмет туралы Заңы
1. Мыналар коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары болып табылады:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия).
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарын қалыптастыру тәртібі, олардың құрылымы, құзыреті және өкілеттіктерінің мерзімі, осы органдардың шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы жоғары басқару органы болып табылады, ол осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және оның жарғысымен өз құзыретіне жатқызылған, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің мәселелерін қарауға өкілетті.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тәртіппен және кезеңділікпен, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналасының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындау;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды ерікті түрде тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылдау;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының басшысын, орынбасарын және мүшелерін сайлау, көрсетілген органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшылардың не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адамдарды лауазымға тағайындау, оларды лауазымнан мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру және оның өкілеттіктерін тоқтату;
6) алқалы және атқарушы басқару органдарының, бақылау органының (ревизиялық комиссияның) және мамандандырылған органдардың есептерін коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тәртіппен және кезеңділікпен бекіту;
7) кіру жарнасы мен мүшелік жарналардың мөлшерін белгілеу;
8) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдерін айқындау;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына сәйкес өзге де шешімдер қабылдау.
4. Егер коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жартысынан көбі қатысса, жиналыс өз құзыретіне жатқызылған шешімдерді қабылдауға құқықты.
5. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімдері – жалпы жиналысқа қатысатын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) дауыстары санының көпшілік дауысымен немесе ол сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) дауыстарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
6. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу тәртібі, отырыстардың күн тәртібін қалыптастыру тәртібі, дауыс беруді өткізу шарттары мен тәртібі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
7. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға басшылық етуді коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында сайланған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы жүзеге асырады.
Алқалы басқару органының сандық құрамы, оны қалыптастырудың, оның қызметінің, шешімдер қабылдауының, өкілеттіктері тоқтатылуының тәртібі мен шарттары коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
8. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының құзыретіне мыналар жатады:
1) мәселелерді коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының қарауына шығару;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) болып кіру және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылдау;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді және олардың қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетін бекіту, оған өзгерістер енгізу;
5) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекіту және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген өзге де мәселелер.
Алқалы басқару органы коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) өкілдерінің, сондай-ақ тәуелсіз мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің саны кемінде жеті адамды құрауға тиіс.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйыммен немесе оның мүшелерімен еңбек қатынастары жоқ адамдар тәуелсіз мүшелер болып саналады. Тәуелсіз мүшелер коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің кемінде бестен бірін құрауға тиіс.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады.
Алқалы басқару органының мүшесі өзі акционері (қатысушысы), қызметкері болып табылатын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) қатысты мәселелер бойынша дауыс бере алмайды.
9. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жұмысын ұйымдастырады, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүдделерін білдіреді;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының және оның алқалы басқару органының құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Бақылау органы (ревизиялық комиссия) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның органы болып табылады.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына есеп береді және оның бақылауында болады.
Бақылау органының (ревизиялық комиссияның) есептерін ұсыну тәртібі мен мерзімдері коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ.
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы