Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-6-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы Коллекторлық қызмет туралы Заңы

19-6-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  19-6-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелерінің (қатысушыларының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады. 

      2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеру: 

      1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтауын бақылау мақсатында; 

      2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы шағым түскен кезде; 

      3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) тексеру жүргізу туралы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. 

      3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтамағаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы: 

      1) анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде міндетті түрде жою туралы талап қою; 

      2) жазбаша нысанда ескерту шығару; 

      3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мөлшерде айыппұл салу; 

      4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тізілімнен шығару; 

      5) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар. 

      4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген ықпал ету шараларын қолдану тәртібі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы