19-7-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі және оларды тізілімнен шығару Коллекторлық қызмет туралы Заңы
1. Уәкілетті орган коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінде қамтылған мәліметтер ашық мәліметтер болып табылады, олар уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылып отырады.
Осы Заңның 19-1-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым туралы мәліметтер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама негізінде коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізіледі.
3. Мыналар коллекторлық қызмет саласындағы өзін өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығаруға негіз болып табылады:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды тізілімнен ерікті түрде шығару, тарату немесе біріктіру, қосу, бөлу немесе бөліп шығару нысанында жүргізілген қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
2) Өзін-өзі реттеу туралы заңның 9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде және осы Заңның 19-1-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды екі ай ішінде ұсынбау;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
4) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
5) уәкілетті органға есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбау және (немесе) анық емес есептілікті ұсыну;
6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде осы Заңның 19-1-бабының 4-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келмеуі.
4. Уәкілетті орган коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде мұндай коммерциялық емес ұйым коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне ие бола алмайды.
5. Тізілімнен шығарылған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылған коллекторлық агенттіктерге қатысты осы Заңның 19-3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында және 19-6-бабында белгіленген оның функциялары коллекторлық агенттік коллекторлық қызмет саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күннен бастап тиісті түрдегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін өзге ұйымға ауысады, ал жұмыс істеп тұрған тиісті түрдегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда коллекторлық агенттік тиісті түрдегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның тізіліміне енгізілген және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін осындай ұйымға кірген күнге дейін уәкілетті органның бақылауы мен қадағалауында қалады.
6. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған жағдайда, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым, оның мүшелері (қатысушылары) және борышкерлер арасындағы құқықтық қатынастардан қалыптасқан және туындайтын барлық құжат пен мәліметті мүшелерінің (қатысушыларының) құрамына өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) кірген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға, ал жұмыс істеп тұрған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда уәкілетті органға беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтер уәкілетті органға берілген кезде уәкілетті орган берешек бойынша құқықты (талапты) басқаға беру нәтижесінде туындаған кредитор құқығы бар, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) және борышкер арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын міндеттемелерді, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның үшінші тұлғалармен құқықтық қатынастарынан туындайтын мүліктік сипаттағы өзге де міндеттемелерді атқармайды.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді беру тәртібі уәкілетті органның осы Заңның 19-1-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген материалдарды беру жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тізілімнен шығарылатын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ.
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы