Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-8-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

19-8-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-8-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметіне қойылатын талаптарын, қағидалар мен стандарттарды сақтамаған кезде, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің құқыққа сыйымыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған кезде уәкілетті орган осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады.  

      Ықпал ету шаралары деп орындалуы міндетті жазбаша нұсқама және санкциялар түсініледі. 

      2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюға бағытталған орындалуы міндетті шараларды қабылдауға берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. 

      Жазбаша нұсқамада уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін. 

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамалары, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімі, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жауапты басшы қызметкерлері көрсетіледі. 

      Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 

      Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың және (немесе) іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті. 

      3. Жазбаша нұсқама уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерін шеттету және (немесе) осы Заңның 19-3-бабында көзделген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның барлық функциясының немесе олардың бір бөлігінің атқарылуын тоқтата тұру туралы талап жіберуге құқылы. 

      Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері шеттетілген жағдайда оны алмастыру тәртібі мен міндеттерді орындау мерзімдері коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады. 

      4. Уәкілетті орган коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға осы Заңның 19-7-бабы 3-тармағының 2), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару түріндегі санкцияны қолдануға құқылы. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы