Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-9-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтату Коллекторлық қызмет туралы Заңы

19-9-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтату Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-9-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтату Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға коллекторлық агенттіктің мүшелігін (қатысуын) тоқтатуға мыналар негіз болып табылады: 

      1) коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелігін (қатысуын) ерікті түрде тоқтату коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады; 

      2) коллекторлық агенттікті коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешімі бойынша коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады; 

      3) коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару уәкілетті орган осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады; 

      4) коллекторлық агенттікті тарату осы Заңға сәйкес коллекторлық агенттік таратылған күннен бастап жүзеге асырылады; 

      5) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады. 

      2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мынадай: 

      1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесі (қатысушы) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) сақтамаған; 

      2) мүше (қатысушы) мүшелік жарналарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) төлемеген; 

      3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау үшін мүше ұсынған құжаттарда анық емес мәліметтер анықталған жағдайда коллекторлық агенттікті коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы шешім қабылдауға құқылы. 

      3. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуына байланысты төлеген кіру жарнасы және мүшелік жарналар коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуы тоқтатылған кезде қайтарылуға жатпайды. 

      4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдаудан бас тарту немесе оның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешіміне, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының), оның мүшелеріне (қатысушыларына) кандидаттың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасауға болады.

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы