Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы 

       1. Депозитор осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде кепiлдiк берiлген депозит бойынша кепiлдiк берiлген өтем алуға құқылы.  

       2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       3. Депозитор бiрнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi әрбiр қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейдi.  

      4. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).        

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы