19-бап. Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелері Жасанды интеллект туралы Заңы
1. Салалық мемлекеттік органдар қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін жасанды интеллект жүйелеріне деген сенімді қамтамасыз ету және оларды тиісті салада (аяда) қолданудың үздік практикаларын тарату мақсатында қалыптастырады және олар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұрақты негізде жарияланып отырады.
2. Сенімді жүйелер тізбесіне өз жүйелерінің енгізілуіне үміткер жасанды интеллект жүйелерінің меншік иелері және (немесе) иегерлері жасанды интеллект жүйелерінің аудитін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы