19-бап. Сот сарапшысы Cот-сараптама қызметі туралы Заңы
1. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органының сарапшыларына;
2) жеке сот сарапшыларына;
3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығында тұруға тиіс.
3. Біржолғы тәртіппен сот сараптамасын жүргізу:
1) Уәкілетті органны белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған;
2) сот сараптамасы органының сарапшылары, сондай-ақ жеке сот сарапшылары болып табылатын тиісті мамандықтағы сот сарапшыларынан уәжді бас тарту қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден уәжді шеттетiлген;
3) осы Заңның 62-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.
4. Сот сарапшысы біліктілік талаптарына және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келуге тиіс.
5. Мынадай:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған;
2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам сот сарапшысы бола алмайды.
6. Тиісті заңдық факт басталған сәттен бастап үш жыл ішінде:
1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алынған;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
3) мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан, әскери қызметтен, сот сараптамасы органдарынан тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;
4) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айрылған адам сот сарапшысы бола алмайды.
5) алып тасталды - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Cот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау