Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Консультативтік қорытынды / 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімінің 2-бабының 2-тармағын түсіндіру туралы

1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімінің 2-бабының 2-тармағын түсіндіру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімінің 2-бабының 2-тармағын түсіндіру туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының 2012 жылғы 19 қарашадағы № 01-1/3-12 консультативтік қорытындысы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының құрамы: төрағалық етуші – ТМД Экономикалық Сотының Төрағасы Л.Э. Каменкова, ТМД Экономикалық Сотының судьялары: С.Ж. Жолдыбаев, А.Ш. Керімбаева, Т.Н. Молчанова, ТМД Экономикалық Сотының Бас кеңесшісі А.И. Зыбайло, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері М.А. Бородыни, К.В. Вербицкая қатысуымен, сот отырысының хатшысы Т.Е. Медведева,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің түсіндіру туралы сұрау салуы бойынша істі ашық сот отырысында қарап,

АНЫҚТАДЫ:

ТМД Атқарушы комитеті ТМД Экономикалық Сотына 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімінің 2000 жылғы 20 маусымдағы Хаттамамен енгізілген редакциясындағы 2-бабының 2-тармағын түсіндіру туралы сұрау салумен жүгініп, мыналарды түсіндіруді сұрайды:

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру туралы шешімдерді бекітуге, оған өзгерістер енгізуге өкілеттіктері бар ма;

мұндай шешімдердің сипаты қандай.

Сұрау салуға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сарапшылары арасында 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімнің 2000 жылғы 20 маусымдағы Хаттамамен енгізілген редакциясындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Кеден қызметтері басшылары кеңесінің (бұдан әрі – ТМД КҚБК, Кеңес) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын (бұдан әрі – ТМД СЭҚ ТН) оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру туралы шешімдерді бекіту және оған өзгерістер енгізу жөніндегі өкілеттіктері туралы мәселені Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын жүргізу регламенті туралы хаттама жобасын әзірлеу барысында біркелкі түсінбеу негіз болды.

Баяндамашы судья С.Ж. Жолдыбаевты, ТМД Атқарушы комитетінің өкілі М.А. Бородыниді тыңдап, ТМД Экономикалық Сотының Бас кеңесшісі А.И. Зыбайлоның қорытындысын талқылап, 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімнің 2000 жылғы 20 маусымдағы Хаттамамен енгізілген редакциясындағы нормаларын (бұдан әрі – 1995 жылғы 3 қарашадағы Келісім, Келісім) талдап, іс материалдарын зерделей келе, ТМД Экономикалық Соты мынаны атап өтеді.

1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімнің 2-бабының 2-тармағын түсіндіру 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 31-бабында белгіленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады, яғни адал ниетпен, шарт терминдеріне олардың мәнмәтінінде берілуге тиіс әдеттегі мағынасына, сондай-ақ шарттың объектісі мен мақсаттарына сәйкес, қатысушылар арасындағы шартты түсіндіруге немесе оның ережелерін қолдануға қатысты кез келген кейінгі келісімді, оны қолданудың кейінгі практикасын ескере отырып жүзеге асырылады.

1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімінің 2000 жылғы 20 маусымдағы Хаттамамен енгізілген редакциясына Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы қатысушылар болып табылады. 2000 жылғы 20 маусымдағы Хаттамаға қол қоймаған Түрікменстан үшін жоғарыда аталған Келісім бастапқы редакциясында қолданылады.

Беларусь Республикасы Келісімге Хаттамаға қол қою кезінде Кеден қызметтері басшылары кеңесі бекіткен ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер Беларусь Тарабы үшін осы мәселе бойынша Беларусь Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі қабылданғаннан кейін күшіне енетіні туралы мәлімдеме жасады.

Кіріспеден көрініп тұрғандай, қатысушы мемлекеттер кедендік құжаттама нысандарын біріздендіруге және кедендік рәсімдерді оңайлатуға ұмтыла отырып, 1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімді жасасты. Осы мақсатта, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру, статистикалық есеп жүргізуді және статистикалық ақпарат алмасуды жетілдіру үшін Келісімге қатысушы мемлекеттер Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын бірыңғай ТМД СЭҚ ТН-ны қабылдады.

1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттер ТМД КҚБК-ға ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру туралы шешімдерді және ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерді бекіту өкілеттіктерін берді.

ТМД КҚБК 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесі туралы ережені бекіту туралы шешімі негізінде құрылды. Ережеде Кеңестің функциялары мен құқықтары, сондай-ақ оның құрамы мен жұмысын ұйымдастыру тәртібі бекітілген.

Қазіргі уақытта Кеңестің өкілеттіктері 2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен жаңа редакцияда бекітілген, 2008 жылғы 23 мамырдағы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен өзгерістер енгізілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесі туралы ережемен (бұдан әрі – 2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД КҚБК туралы ереже, Ереже) айқындалады. Кеңес «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің кеден саясаты саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған» (Ереженің 1.1-тармағы).

Өз қызметінде Кеңес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негіз қалаушы құжаттарын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында жасалған шарттар мен келісімдерді, Мемлекет басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары кеңесінің, ТМД Экономикалық кеңесінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімдерін, сондай-ақ 2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД КҚБК туралы ережені басшылыққа алады (Ереженің 1.2-тармағы).

ТМД КҚБК қызметінің бағыттары мен функциялары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден саласындағы өзара іс-қимылының әртүрлі мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда, Кеңес тарифтік және тарифтік емес реттеудің өзара қолайлы тетіктерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған (Ереженің 2.2-тармағы), бұл Достастық мемлекеттерінің кеден қызметтерінің ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру және оған өзгерістер енгізу жөніндегі бірлескен жұмысын да қамтиды. Оның құзыретіне сондай-ақ кеден ісі саласында ТМД-ның мемлекеттік, салалық органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, басқа да мәселелерді қарау кіреді. ТМД КҚБК-ға берілген құқықтар тізбесі толық болып табылмайды, бұл Ереженің 3.1-тармағының алтыншы абзацының мазмұнынан туындайды, оған сәйкес Кеңес «өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешуге» құқылы.

Кеңес өзіне берілген өкілеттіктерді іске асыра отырып, 2000 жылдан 2012 жылға дейін ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру туралы шешімдерді (мысалы, ТМД КҚБК-ның 2006 жылғы 7 маусымдағы № 4/43, 2011 жылғы 9 маусымдағы № 8/53 және басқа шешімдері), сондай-ақ ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы шешімдерді (мысалы, ТМД КҚБК-ның 2009 жылғы 9 қазандағы № 13.3/50, 2012 жылғы 22 маусымдағы № 4/55 және басқа шешімдері) бекітіп келді.

2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД КҚБК туралы ережеде көзделген Кеңестің қызметінің негізгі бағыттары, функциялары мен құқықтары 1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында Кеңеске берілген өкілеттіктерге сәйкес келетінін ескере отырып, ТМД Экономикалық Соты ТМД КҚБК-ның ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру туралы және ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы шешімдерді бекіту кезінде Ережеде белгіленген құзырет шегінде әрекет ететіні туралы қорытындыға келеді.

ТМД КҚБК шешімдерінің сипаты туралы мәселе бойынша ТМД Экономикалық Соты мынаны атап өтеді.

2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД КҚБК туралы ереженің 1.1-тармағында Кеңестің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастығының тұрақты жұмыс істейтін органы» болып табылатыны айқындалған. Осыған байланысты ТМД КҚБК-ның ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру және ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы шешімдерін ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы актілері ретінде қарастыру қажет.

Кеңестің дербес шешімдер қабылдау мүмкіндігі 2009 жылғы 9 қазандағы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органдары туралы жалпы ережеде де көзделген. Жалпы ереженің 8-тармағына сәйкес: «Салалық ынтымақтастық органдары өз құзыреті шегінде шешімдер мен ұсынымдар қабылдайды, ал қажетті жағдайларда ТМД Мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің қарауына белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді».

Ереженің 4.1-тармағына сәйкес Кеңес мүшелері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің басшылары болып табылады. Бұл ретте әрбір мемлекет Кеңесте бір дауысқа ие, ал құзырет шегіндегі шешімдер Кеңес мүшелерінің дауыстарының білікті көпшілігімен қабылданады (Ереженің 4.8-тармағының екінші абзацы).

Кеңес бекітуі үшін шешім жобаларын дайындауды Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі (бұдан әрі – Ресей Федерациясының ФКҚ) жүзеге асырады, оған 1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімнің 2-бабының 1-тармағына сәйкес ТМД СЭҚ ТН-ны жүргізу, оның ішінде ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру функциялары жүктелген. Осы функцияларды іске асыра отырып, Ресей Федерациясының ФКҚ ТМД КҚБК бекітетін шешім жобаларын дайындау барысында ТМД-ға қатысушы мүдделі мемлекеттердің кеден қызметтерінен келіп түсетін ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды басшылыққа алады (1996 жылғы 16 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын жүргізу регламенті туралы хаттамамен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын жүргізу регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 3-тармағы).

Қолданыстағы рәсім ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында келісуді көздейді, оның шеңберінде әрбір мемлекет бір дауысқа ие. Ұсыныстарды талқылауға кеден қызметтерінің өкілдері ғана емес, Достастыққа қатысушы мүдделі мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының уәкілетті мамандары да қатысады. Ұсыныстарды келісу мәселелері бойынша жұмыс тобының шешімі бірінші қарау кезінде жұмыс тобы мүшелері арасында консенсусқа қол жеткізілген жағдайда түпкілікті қабылданған болып есептеледі, ал консенсусқа қол жеткізілмеген жағдайда – қайталап қарау кезінде дауыс беруге қатысқан жұмыс тобы мүшелерінің көпшілігі шешімді қолдап дауыс берген, бірақ жұмыс тобының тізімдік құрамының кемінде 2/3 бөлігі дауыс берген жағдайда түпкілікті қабылданған болып есептеледі (Регламенттің 10, 12, 13-тармақтары).

Жоғарыда баяндалғандар Кеңестің ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы шешімдерді бекітуінің алдында мемлекеттерде де, жұмыс тобының отырыстарында да шешім жобаларын әзірлеу және келісу процесі жүретінін көрсетеді. ТМД Экономикалық Сотының пікірінше, бұл ТМД КҚБК бекітетін ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру және ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы актілер 1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұстанымдарын келісудің нәтижесі болып табылатынын және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысының 3-бабына сәйкес олардың адал орындалуға жататынын білдіреді.

2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД КҚБК туралы ереженің 4.8-тармағына сәйкес: «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері қажет болған жағдайда Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды қамтамасыз ететін тиісті актілерді өз құзыреті шегінде қабылдайды». Өз кезегінде Кеңес мүшелеріне «Кеңес қабылдаған шешімдерді ТМД-ға қатысушы мемлекеттің тиісті органдарына жеткізу және олардың орындалуына жәрдемдесу», сондай-ақ «қабылданған шешімдердің толық әрі уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру» міндеті жүктелген (Ереженің 3.3-тармағы).

2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД КҚБК туралы ереженің жоғарыда аталған нормаларының мазмұны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері ТМД КҚБК бекіткен ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру және оған өзгерістер енгізу туралы шешімдерді орындауы қажеттігін көрсетеді. Мұндай қорытындының пайдасына қосымша дәлел 1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімнің 3-бабының мазмұны болып табылады, оған сәйкес қатысушы мемлекеттер ТМД СЭҚ ТН-ны қолдануға байланысты ұлттық заңнамаға қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.

1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімге қатысушы мемлекеттерден келіп түскен ТМД КҚБК-ның ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық-құқықтық негізіне сәйкес келтіру және ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы шешімдерін қолдану практикасы жөніндегі ақпарат мемлекеттерде мұндай шешімдерді іске асырудың әртүрлі тәртібі қалыптасқанын көрсетеді.

Беларусь Республикасының (2012 жылғы 29 маусымдағы шығыс № 08-19/5435), Қырғыз Республикасының (2012 жылғы 30 шілдедегі шығыс № 25-9/4558), Молдова Республикасының (2012 жылғы 25 шілдедегі шығыс № 28/01-8907), Өзбекстан Республикасының (2012 жылғы 26 маусымдағы шығыс № 02-05/20-3012) кеден қызметтерінен келіп түскен жауаптарға сәйкес, бірыңғай ТМД СЭҚ ТН негізінде ұлттық номенклатуралар және оларға енгізілетін өзгерістер ұлттық заңнамада көзделген тәртіппен тиісті нормативтік актілермен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің жауабынан (2012 жылғы 13 қыркүйектегі шығыс № ИТК-2-3-18/8802) «Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес ТМД КҚБК шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қосымша нормативтік актілерді бекітпестен қолданатыны» туындайды.

Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметінің хатына сәйкес (2012 жылғы 6 шілдедегі шығыс № 01-19/34012), 1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген ТМД КҚБК шешімдері ұлттық заңнамаға сәйкес кейіннен бекітуді талап етпейтін нормалар ретінде қолданылады.

Түрікменстанның Мемлекеттік кеден қызметінің хабарламасына сәйкес (2012 жылғы 3 қыркүйектегі шығыс № 02-09/2145), «ТМД КҚБК-ның ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдері кейіннен бекітусіз норма ретінде қабылданады».

Осылайша, ТМД Экономикалық Соты ТМД КҚБК-ның ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру және ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы шешімдері өз сипаты бойынша ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы актілері болып табылады, 1995 жылғы 3 қарашадағы Келісімге қатысушы мемлекеттердің келісілген ұстанымдарының нәтижесі болып саналады және осы Келісімнің 3-бабына сәйкес іске асырылады деп есептейді.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Соты туралы ереженің 5, 16-тармақтарын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Соты Регламентінің 127¹, 143-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты мынадай қорытындыларға келді:

  1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесі 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімнің 2000 жылғы 20 маусымдағы Хаттамамен енгізілген редакциясындағы 2-бабының 2-тармағында көзделген ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру туралы шешімдерді, сондай-ақ ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы шешімдерді бекіту жөніндегі қызметті жүзеге асырады және 2002 жылғы 30 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесі туралы ережеде айқындалған құзырет шегінде әрекет етеді.
  2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің ТМД СЭҚ ТН-ны оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру және ТМД СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу туралы шешімдері ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы актілері болып табылады, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұстанымдарын келісудің нәтижесі болып саналады және 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісімнің 2000 жылғы 20 маусымдағы Хаттамамен енгізілген редакциясындағы 3-бабына сәйкес іске асырылады.
  3. Консультативтік қорытындының көшірмесі ТМД Атқарушы комитетіне, мәлімет үшін – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтеріне, ТМД Экономикалық кеңесіне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесіне және 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы туралы келісіміне қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтеріне жіберілсін.
  4. Консультативтік қорытынды 1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Достастық басылымдарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

Төраға                               Л.Э. Каменкова

ТМД Экономикалық Сотының ұйымдастыру жұмысы және қамтамасыз ету бөлімінің бастығы                    И.А. Малашенко

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар