Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 2-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

2-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы 

      1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу, сондай-ақ депозиттерді қабылдауды, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу талаптарын белгілеу депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;

      2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      3) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілетін депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

      3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;

      2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы