2-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мақсат және міндеттер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мақсат мемлекеттік табиғи-қорық қорын және табиғи экологиялық жүйелерді сақтау болып табылады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттер мыналар болып табылады:
1) ғылым мен экоағартушылықты дамыту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану;
2) орнықты туризм мен экотуризмді дамыту;
3) аумақтардың табиғи құндылығын ескере отырып, оларды аймақтарға бөлу
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы.
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы