2-1-бап. Кредиттiк серiктестiктер қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Кредиттік Қазақстан Республикасының Заңы серіктестіктер туралы
1. Кредиттік серіктестіктердің қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған кредиттік серіктестіктердің қызметі үшін тең құқықты жағдайлар жасау кредиттік серіктестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Кредиттік серіктестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кредиттік серіктестіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) кредиттік серіктестіктерге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, кредиттік серіктестіктердің қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Кредиттiк серiктестiктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) кредиттiк серiктестiктер қызметінің ашықтығы;
3) кредиттiк серiктестiктердің жауапкершілігі.
Кредиттік серіктестіктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы