2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының
1. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және тоқтату мәселелері бойынша қатынастарды реттеу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны қалпына келтіру негіздерін, шарттары мен тәртібін айқындау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды, оны жоғалтуды, одан айыруды тіркеуді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау;
4) азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) әрбір адамның азаматтыққа құқығы бар;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы оны алу негіздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматы үшін бірыңғай және тең болып табылады;
3) азаматтық адамның еркіне қарсы берілмейді;
4) азаматтық мәселелер бойынша балаларға қатысты шешімдер қабылдау кезінде баланың неғұрлым жақсы мүддесі ескеріледі;
5) азаматтықтың болмауына жол бермеу және оны азайту.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы