Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Автомобиль жолдары туралы Заңы

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Автомобиль жолдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Автомобиль жолдары туралы Заңы  

      1. Осы Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, мемлекет пен автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделері үшін оларды салудың, пайдаланудың және дамытудың реттеушілік, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындау.

      2. Заңның негізгі міндеттері:

      1) автомобиль жолдарында көліктік инфрақұрылымды дамыту;

      2) бірыңғай техникалық нормалар мен стандарттар негізінде автомобиль жолдарының желісін қалыптастыру;

      3) автомобиль жолдарының сақталуы мен дамуын қамтамасыз ету, олардың техникалық жай-күйін жақсарту;

      4) жол қызметі саласында перспективалы технологияларды ендіруге, сондай-ақ ұлттық стандарттарды қолдануға жәрдемдесу.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:

      1) автомобиль жолдарының сапасы мен сақталуын арттыру;

      2) автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) жол қызметі саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы