2-1-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Бал ара шаруашылығы туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты – бал ара шаруашылығын дамыту, сондай-ақ бал араларды қорғау мен сақтау үшін жағдай жасау.
2. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:
1) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;
2) бал ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру және дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру;
4) бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды есепке алуды ұйымдастыру;
5) бал ара шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау.
3. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының қағидаттары:
1) бал ара тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету;
2) бал ара шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау;
3) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тең қолжетімділік;
4) бал ара шаруашылығын дамыту мәселелерін шешуге жеке және заңды тұлғалардың қатысуы;
5) бал ара шаруашылығын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303 Заңы.
Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы