2-1-бап. Қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары Өзара сақтандыру туралы Заңы
1. Өзара сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қоғам қызметінің құқықтық негіздерін анықтау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып табылады.
3. Қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңдігін қамтамасыз ету;
2) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163 Заңы.
Осы Заң өзара сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және өзара сақтандыру қоғамдары қызметiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы