2-2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы
1. Осы Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы көлігінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық қызметінің негіздерін айқындау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен жүргізу;
2) экономика мен халықтың тасымалдарға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарына және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
3) көлік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) тасымалдаудың бүкіл кезеңінде жүктердің, багаждың және пошта жөнелтілімдерінің сақталуы;
5) Қазақстан Республикасының көлік кешенінің жұмысын үйлестіру және қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыру;
6) қатынас жолдарын техникалық жабуды ұйымдастыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;
3) тасымалдардың қауіпсіздігі және техникалық талаптар мен пайдалану талаптарының сақталуы;
4) көлік қатынастарына барлық қатысушының теңдігі;
5) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы