2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Теміржол көлігі туралы Заңы
1. Осы Заңның негізгі мақсаты – жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылар, тасымалдау процесіне қатысушылар, мемлекеттік органдар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымының және теміржол көлігін басқару жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) тасымалдау процесінің үздіксіздігі мен іркіліссіздігін қамтамасыз ету;
2) теміржол көлігінде жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;
3) теміржол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
4) теміржол көлігінің магистральдық теміржол желісін және жылжымалы құрамын дамыту;
5) теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) теміржол көлігімен теміржол тасымалын, оның ішінде транзиттік және халықаралық тасымалдарды дамыту;
7) теміржол көлігін жұмылдыру дайындығында ұстап тұру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) Қазақстан Республикасының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық кеңістігін сақтау және нығайту;
2) Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесінің жұмыс істеуінің келісімділігі;
3) теміржол көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау;
4) теміржол көлігінде кәсіпкерлікті дамыту және оған инвестициялар тарту үшін жағдай жасау;
5) адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін теміржол көлігінің және оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) көлік нарығының барлық субъектісінің теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтерін ұсынуға және алуға қол жеткізуі;
7) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы.
Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы