2-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы