Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 2-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

     2-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы

      1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын дамыту үшін оның экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жағдай жасау.

      2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;

      2) асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алуды ұйымдастыру;

      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау;

      5) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру мен дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру.

      3. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының қағидаттары:

      1) асыл тұқымды малдардың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорының сақталуын қамтамасыз ету;

      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы есепке алудың анықтығы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтығы;

      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

 

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы. 

     Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.   

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау