2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы