Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi  Аудиторлық қызмет туралы Заңы

20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi  Аудиторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi  Аудиторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Аудиторлар: 

      1) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн аудиттелетiн субъектiнiң қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге; 

      1-1) кәсіби ұйымға кіруге; 

      2) аудиттелетiн субъектiнiң лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiндірме алуға; 

      3) кәсiби ұйымдардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы. 

       2. Аудиторлар:  

      1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға; 

      1-1) аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларының талаптарына сәйкес аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өтуге және аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өткені туралы сертификаттар алуға; 

       2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны жария етпеуге;  

      3) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге; 

      4) өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға; 

       5) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына хабарлауға міндетті. 

 

Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы