Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Экологиялық ақпарат беру мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

20-бап. Экологиялық ақпарат беру мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Экологиялық ақпарат беру мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Экологиялық ақпарат беру және беруден бас тарту мерзімдері, тәртібі осы Кодекстің талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етіледі.

      3. Экологиялық ақпаратқа қолжетімділік беруден:

      1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салынған экологиялық ақпаратты анықтауға мүмкіндік бермесе;

      2) егер сұрау салу "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келмесе;

      3) егер бұл Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға алып келсе;

      4) егер сұрау салуда экологиялық ақпарат иесі қабылдаған актілерді құқықтық бағалау, экологиялық ақпарат иесінің не оған ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметіне талдау немесе ол аяқталғанға дейін өзге де талдау жұмысын жүргізу туралы мәселе қойылса;

      5) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;

      6) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңестер қорытындылары бойынша әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;

      7) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттардың мазмұнын ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін;

      8) егер бұл зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға алып келсе;

      9) егер бұл алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын бұзуға алып келсе, бас тартылуға тиіс.

      Қоршаған ортаға эмиссиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпарат коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия деп таныла алмайды.

      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ашылуға жатпайтын ақпаратты құпиялығына нұқсан келтірілмей өзге ақпараттан бөлу мүмкін болған жағдайларда, соңғысы өтініш берушіге берілуге тиіс.

      5. Мемлекеттік органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаған жағдайларда, алынған сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде, өтініш беруші бұл туралы хабардар етіле отырып, тиісті мемлекеттік органға қайта жіберіледі.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы