20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
Кепілді өтем төлеуді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтем төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесінен таңдап алынған банк-агенттер арқылы жүргізеді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қоятын талаптарға сай келетін банк-агенттер қатысушы банктің операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан лицензиядан айырылған күніне депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілді өтемді төлеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Кепілді өтем сомасын және депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке аудару шарттары мен тәртібі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы