Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 

      1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.

      2. Үкімет мүшелері:

      1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;

      2) өздеріне қатысты басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруын қамтамасыз етеді;

      3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;

      5) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;

      6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.

      3. Министрліктердің басшылары болып табылмайтын Үкімет мүшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін олар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңы. 

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы