⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Шығарылым деректерi Масс-медиа туралы Заңы

20-бап. Шығарылым деректерi Масс-медиа туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Шығарылым деректерi Масс-медиа туралы Заңы 

       1. Мерзiмдi баспасөз басылымының әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс:  

      1) мерзiмдi баспасөз басылымының атауы; 

      2) мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi; 

      3) бас редактордың (редактордың) тегi мен аты-жөні; 

      4) есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлiктiң күнi мен нөмiрi және оны берген органның атауы; 

      5) басылымның мерзiмдiлiгi; 

      6) мерзiмдi баспасөз басылымының жарық көрген күні мен рет нөмiрi; 

      7) осы шығарылымның таралымы; 

      8) баспахананың атауы, оның мекенжайы және редакцияның мекенжайы. 

      2. Интернет-басылымдар арнаулы мақсаттағы бөлімде: 

      1) интернет-басылымның атауын; 

      2) интернет-басылымның меншік иесінің тегі мен аты-жөнін немесе атауын; 

      3) бас редактордың (редактордың) тегі мен аты-жөнін; 

      4) есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің күні мен нөмірін және оны берген органның атауын; 

      5) редакцияның байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын) орналастыруға міндетті. 

      3. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбір шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқанда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi. 

 

      Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы